Бұл эпизод тым ерекше. Түйме жүргізушілері отбасы қолдауы жайлы пайымдап, рефлексия жасаған сан.
Жан жалаңаштаған соң шығарамыз ба, жоқ па деп ұзааақ ойландық. Түсінгендеріңіздей, сіздермен сыр бөлістік.
Өсе келе өмірімізге орасан зор ықпал еткен адамдар – отбасы екенін ұқтық. Сол отбасының қолдауы мен қолпаштауы жайлы сөйлестік.
Отбасы қолдауы неден басталады? Қалай орнап жатады? Түрлері бар ма? Өзі түрлене ме? Есейгенде қалай қабылдауға болады?
Әр адамның тәжірибесі де, өмірі де әртүрлі екені анық. Бұл санда Заңғар мен Дастан сол жолда түйген түйіндерін түймелеп шықты.
Жылы сөздер мен ыстық естеліктерге сүңгіп, өз өміріңізбен салыстырып өтерсіз. Бұл санда анық айтар бір ғана ой бар. Оны тыңдаған соң түсінерсіздер.
💳4400 4301 4329 6355
Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз.
Бар болғаныңызға рақмет!
Instagram
Telegram