Біз өсек айтқанды жақсы көреміз. Еш қысылмай айта аламыз. Бірақ оны жаман деп кім айтты?
Түйменің жаңа маусымын осы тақырыптан бастадық. Жалпы, кез келген затты өсек дей аламыз ба? Өсек деген не өзі? Адамдар не үшін адамдарды өсектейді?
Бұл санда сіздер осы сауалдарға жауап тауып қана қоймай, өсек айту ережелері жайлы біраз нәрсе біле аласыздар. Оның пайдасы деген бөлек әңгіме ғой. Ол туралы да айтып кеттік.
Құрметті Түйме тыңдарманы, біз оралдық! Күткеніңізге, адалдығыңызға рақмет! Біз қуат жинап, сағынып қайта келдік. Бұл санның сарыны басқа, вайбы бөлек! Сол үшін тыңдап болған соң бағалап не қолдап кетіңіздер!
💳4400 4301 4329 6355 Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бірге ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет! Тыңдалым арттырып, таратқандарға бәрі жарылқасын.