Үшінші эпизод. Аймақтық қазақ музыка мектептері

Жаңа эпизодта дәстүрлі қазақ музыкасының аймақтан аймаққа карай қалай ерекшеленгенін және осы аймақтық ерекшеліктерді қалыптастыратын факторлар туралы баяндаймыз.

Дәрісті профессор және өнертану докторы Саида Елеманова дайындады. Дәрісті оқыған – Бексұлтан Бағытжан.

Эпизодта ҚР кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағатымен ұсынылған Манарбек Ержановтың орындауындағы «Ақ сиса» әні, Күләш Байсейітованың орындауындағы «Елігай» әні және SUYUNBAY19 жобасымен ұсынылған Тоғжан Қыдырсинованың орындауындағы Есбайдың «Терісқақпай» күйі, Сүндет Орезекұлының орындауындағы Сәкен Тұрысбектің «Күлтегін» күйін естісеңіздер болады.

Bulbul студиясы t.me/bulbulpodcasts, www.instagram.com/bulbulpodcasts/.

Батырхан Шөкенов атындағы қордың жобалары туралы толық ақпаратты сайттан batyr.foundation және қордың Instagram парақшасынан www.instagram.com/batyr.foundation/ біле аласыз.

Болат Өтемұратов қорының бағдарламалары мен жобалары туралы utemuratovfund.org сайтынан оқып, Instagram парақшасынан www.instagram.com/bulat_utemuratov_foundation/ көріңіз.