Музыка мәдениеті туралы BAYSA подкастының трейлері

Назарыңызға қазақ музыка мәдениетінің тарихына арналған жаңа подкастты ұсынамыз. Ол BAYSA деп аталады. Подкасттың трейлеріне құлақ түрейік.

BAYSA – сан ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ дәстүрлі музыкасына саяхат.

Бұл саяхатта бізге қазақстандық музыкатанушылар, білім мен дәстүрді өн бойына сіңіріп, оны насихаттаушылар жолсерік болады. Олар қазақ музыкасының қалыптасуы жайында және оның көрнекті үлгілерін бізге жеткізген жандар туралы сөз қозғайды.

Подкастты Болат Өтемұратов атындағы Қордың қолдауымен Bulbul студиясы және Батырхан Шөкенов атындағы Қор жасады. Жаңа эпизодты өткізіп алмау үшін подкастқа жазылуға шақырамыз.

Bulbul студиясының парақшаларын Telegram t.me/bulbulpodcasts мен Instagram-нан www.instagram.com/bulbulpodcasts/ таба аласыз.

Батырхан Шөкенов атындағы қордың жобалары туралы толық ақпаратты сайттан batyr.foundation және қордың Instagram парақшасынан www.instagram.com/batyr.foundation/ біле аласыз.

Болат Өтемұратов қорының бағдарламалары мен жобалары туралы utemuratovfund.org сайтынан оқып, Instagram парақшасынан www.instagram.com/bulat_utemuratov_foundation/ көріңіз.