Төртінші эпизод. Шетелдік этнографтар мен музыканттар қазақтың ән-күйлерін қалай жинады

«BAYSA подкастының жаңа эпизодында мұрағаттарда сақталған қазақ музыкасының алғашқы жазбалары, Александр Затаевичтің экспедициялары мен қазіргі таңда қазақ музыкасының тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де қалай жазылып, сақталатыны туралы әңгімелейміз.

Эпизодта Ethnologsiches Museum – Staatliche Museen zu Berlin музейінде сақтаулы тұрған Рихард Карутцтың жазбалары, сондай-ақ Алматыдағы Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары мұрағатында сақталған Әміре Қашаубаевтың орындауындағы «Балқадиша» әнінің жазбасы қолданылды. Сондай-ақ эпизодтың кейіпкері – күйші әрі дирижер Нұрлан Бекенов арнайы BAYSA подкасты үшін «Әуез» және «Қос келіншек» күйлерін орындайды».

Подкастты Болат Өтемұратов атындағы Қордың қолдауымен Bulbul студиясы және Батырхан Шөкенов атындағы Қор жасады. Жаңа эпизодты өткізіп алмау үшін подкастқа жазылуға шақырамыз. Bulbul студиясының парақшаларын Telegram t.me/bulbulpodcasts мен Instagram-нан www.instagram.com/bulbulpodcasts/ таба аласыз. Батырхан Шөкенов атындағы қордың жобалары туралы толық ақпаратты сайттан batyr.foundation және қордың Instagram парақшасынан www.instagram.com/batyr.foundation/ біле аласыз. Болат Өтемұратов қорының бағдарламалары мен жобалары туралы utemuratovfund.org сайтынан оқып, Instagram парақшасынан www.instagram.com/bulat_utemuratov_foundation/ көріңіз.