
Бұл эпизодта біз зерттеуші Серік Бейсембаев және Ғалым Жүсіпбекпен OY-DETOX AIMAQTAR жобасы аясында өткен фокус-топтарды талқылаймыз. Талдықорған, Қостанай, Орал қалаларындағы тұрғындардың шынайы ойы мен тәжірибесі арқылы бүгінгі Қазақстан қоғамының әлеуметтік көңіл-күйін, адамның қадір-қасиетіне лайық өмір сүру мүмкіндігін, “әлеуметтік әділетсіздік” ұғымы мен экономикалық модель туралы сөз етеміз.Эпизодта көтерілген тақырыптар:- Адами қадір-қасиет деген не?- Жалақы мен әлеуметтік төлемдер неге адамның еркіндігімен байланысты?- Ашық фокус-топтар не үшін қажет?- Мемлекет пен азамат арасындағы сенім қай деңгейде?- Неліктен көп адам елден кетуді ойлап жүр?Бұл тек сұхбат емес — бұл қоғамды түсіну, пікір алмасу талпынысы.