Дауыс беру – бүкіл демократиялық саяси жүйенің негізінде жатқан рәсім. Сондықтан дауыс беру қорытындыларын шығарудың «ашықтығын» және шынайылығын қамтамасыз ету – үлкен саяси маңызы бар міндет. Күлтөбенің осы эпизодында бұл міндетті абыроймен атқарып, сайлаудың әділ өтуін қамтамасыз етуге атсалысып жүрген тәуелсіз бақылаушы Ғалымжан Оразымбет пен Арайлым Назармен әңгіме өрбетеміз.

«CoolTòbe» жобасының “CoolTòbeнің жазғы құрылтайы” атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.