Бұл эпизодта Қазақстандағы басты проблемалардың бірі – балалар кедейшілігі талқыланды. Біздің қонақтарымыз макроталдаушы Аякөз Ханетова және “Zertteu Research Institute” директоры Шолпан Айтенова балалар кедейшілігінің пайда болу себептері мен салдарын анықтап, оны қалай шешу жолдары жайлы айтып берді. Сондай-ақ, бұл мәселені шешудегі қоғам мен мемлекеттің рөлін ашып берді.

«CoolTòbe» жобасының “CoolTòbeнің жазғы құрылтайы” атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.