Роза Бағланова кеңес дәуірінде де, тәуелсіздік жылдары да Қазақстан эстрада өнеріндегі елеулі тұлғалардың бірі болды. Роза Тәжібайқызының өнердегі жолы жетпіс жылдай уақытқа созылды. Бұл кезеңде қазақ даласындағы ашаршылық, соғыс, жер реформалары, Желтоқсан сияқты XX ғасырдың маңызды әрі қайғылы оқиғалары болғаны белгілі. Осынау күйзеліске толы сәттерге қарамастан Роза Бағланова өмірге деген құштарлығын жоғалтпады. Ол ел есінде ең даңқты әрі тыңдарманның шексіз махаббатына бөленген артистердің бірі болып қалады. 

Qazaq Roses подкасты туралы толығырақ ⁠⁠⁠Батырхан Шөкенов атындағы қордың сайтынан⁠⁠⁠, сондай-ақ ⁠⁠⁠Instagram⁠⁠⁠⁠⁠⁠YouTube⁠⁠⁠⁠⁠⁠Facebook⁠⁠⁠ әлеуметтік желілеріндегі парақшаларымыздан таба аласыз.

Bulbul подкасттар студиясының әлеуметтік желідегі парақшалары: ⁠⁠⁠Instagram⁠⁠⁠⁠⁠⁠телеграм-арна⁠⁠⁠.

Qazaq Roses подкасты ЕА Group Holding компаниясының қолдауыман жарық көрді.