Хадиша Бөкеева – театр және кино актрисасы, өнертану ғылымдарының докторы

Хадиша Бөкеева – кеңес-қазақ театр және кино актрисасы, өнертану ғылымдарының докторы. Ол актриса ретінде де, педагог ретінде де сұранысқа ие болды. Оның шәкірттерінің қатарында театр мен кинода көп рөлді сомдаған – Құман Тастанбеков, Ғайникамал Байғошқарова, Меруерт Өтекешова, Тұңғышбай Жаманқұлов бар. Хадиша Бөкееваның өмірі туралы негізгі ақпарат көздерінің бірі – актрисаның өтініші бойынша «Хадиша мен Байғали» деп аталған жазушы Сара Латиеваның жинағы, ерлі-зайыптылар ашық хаттар, шақыру қағаздары мен хаттарға осылай қол қойған екен. Актрисаның бұлай жазуында жолдасы, опера әншісі Байғали Досымжановтың есімін және оның қазақ өнеріне қосқан үлесін сақтап қалуға деген талпынысы жатса керек. 

Qazaq Roses подкасты туралы толығырақ ⁠⁠⁠Батырхан Шөкенов атындағы қордың сайтынан⁠⁠⁠, сондай-ақ ⁠⁠⁠Instagram⁠⁠⁠, ⁠⁠⁠YouTube⁠⁠⁠, ⁠⁠⁠Facebook⁠⁠⁠ әлеуметтік желілеріндегі парақшаларымыздан таба аласыз.

Bulbul подкасттар студиясының әлеуметтік желідегі парақшалары: ⁠⁠⁠Instagram⁠⁠⁠, ⁠⁠⁠телеграм-арна⁠⁠⁠.

Qazaq Roses подкасты ЕА Group Holding компаниясының қолдауыман жарық көрді.