Бұл — Қазақстанның музыка мәдениеті туралы BAYSA подкастының екінші маусымы!
Осыдан бір жыл бұрын біз Қазақстан аумағында музыканың пайда болуы, тәңіршіл бақсылардың көне ғұрыптары, күй құдіреті мен алғашқы қазақ операсы туралы сөз қозғағанбыз. Бұл маусымда әр шаңырақтың төрінде, көшелерде шырқалып, радиодан таралып, миллиондаған адамның жүрегіне жеткен музыканы қала феномені тұрғысынан талдаймыз.
ХХ ғасырдың екінші жартысы – қазақ поп-музыкасының дүниеге келген кезеңі. Халық әуендері мен сол заманда сәнге айналған дыбысты өз әндерінде үйлестіре білген айрықша дарынды композиторлардың, ақындардың, орындаушылардың салтанат құрған уақыты.
Бірінші эпизодты жіберіп алмас үшін бізге жазылуды ұмытпаңыз әрі BAYSA-ны барлық подкаст платформасында тыңдай аласыз.
Подкастты Болат Өтемұратов атындағы Қордың қолдауымен Bulbul студиясы және Батырхан Шөкенов атындағы Қор жасады. Болат Өтемұратов Қоры денсаулық, білім және мәдениет салаларындағы жобаларды қолдайды.