Оныншы эпизод. Өзіміздің сүйікті әндеріміз туралы сөз қозғаймыз

Подкасттың бірінші маусымын серіктеріміз және достарымызбен бірге аяқтаймыз. Біз Карина Абдуллинаны, jeltoksan., Болат Өтемұратов атындағы Қордың директоры Марат Айтмағамбетовты, PR директор Леонид Нигматуллинді, ақын және аудармашы Тілек Ырысбекті шақырып, олардың сүйікті әндері туралы әңгімелестік. Сондай-ақ, өздерінің сүйікті әндерімен Батырхан Шөкенов атындағы қордың директоры Наргиз Шөкенова мен BAYSA подкастының продюсері, Bulbul студиясының негізін қалаушысы Айсұлу Тойшыбекова да бөлісті.

Эпизод осы әндердің үзінділерінен тұрады:
– Шаба Әденқұл орындауында «Япур-ай»;
– «АБАТ» этно-тобының орындауындағы «Қарай көзім»;
– Құрманжан Омарова мен «Дос-Мұқасан» тобының орындауындағы «Сағындым сені»;
– Амира Айтқұлованың орындауындағы «Құстар әні» @amira.lyric;
– «Овощи Фрукты» тобының «Перекрёсток».

Сондай-ақ, Musicola тобы жазған, халық бесік жыры «Ай-әй бөпем» және The Buhars feat jeltoksan «Теңіз» әні.