Табиғат пен қоршаған орта көшпелі халықтың өмірінде ерекше орын алады, өйткені тұрмысы соған байланысты болды. BAYSA подкастының жаңа эпизодында күміскөмей әншілердің кең дала, өзен, көл, тауды жырлап, құстармен сырласып, жануарын жоқтап, жан азабын әнге айналдырғаны туралы әңгімелейміз.
Дәрісті Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, докторант Бағлан Бәбіжан дайындады. Дәрісті оқыған – Бексұлтан Бағытжан.
Эпизодта қолданылған музыкалар Карина Абдуллинаның жеке мұрағатынан, Bilim TV мен Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архивінен алынды, сондай-ақ The Buhars пен Ахан Отыншиевтің шығармалары пайдаланылды.
Bulbul студиясы t.me/bulbulpodcasts, www.instagram.com/bulbulpodcasts/.
Батырхан Шөкенов атындағы қордың жобалары туралы толық ақпаратты сайттан batyr.foundation және қордың Instagram парақшасынан www.instagram.com/batyr.foundation/ біле аласыз.
Болат Өтемұратов қорының бағдарламалары мен жобалары туралы utemuratovfund.org сайтынан оқып, Instagram парақшасынан www.instagram.com/bulat_utemuratov_foundation/ көріңіз.