Азаттықтың “Жаншипа” психологиялық подкасының 12-эпизодында практик психолог Мөлдір Тоғжанмен адамның өзін жақсы көруі, өзін қабылдауы деген тақырыпты қозғадық. Адам өзін қалай жақсы көруі керек? Адам өзін жақсы көретінін қалай біле алады? Өзімізді жақсы көрмесек, өмірімізде не болады? Өзімізді жақсы көреміз деп жүріп, эгоист болып кетпейміз бе? Баланың өзіне деген махаббатын қалай қалыптастырамыз? Міне, маманмен осы сауалдарға жауап іздедік.