Азаттықтың “Жаншипа” психологиялық подкастының 6-эпизодында практик психолог Дина Байділдаевамен “адамның өз-өзін бағалауы” (самооценка) жайлы әңгіме өрбіттік. Бұл эпизодта “адамның өзін-өзі бағалауы деген не?”, “адамның өзін-өзі бағалауы қалай қалыптасады?”, “адам өзін бағалауы төмен болса өмірге қалай әсер етеді?”, “адам өз бағасын қалай көтере алады?” деген сауалдарға жауап іздедік. Эпизодты Youtube арнамыздан я Apple podcast, Google podcast платформасынан да тыңдай аласыз.