Бұл шығарылымда біз белгілі қоғам қайраткері Дос Көшім және әлеуметтанушы Серік Бейсембаевпен Назарбаев кезеңі қазақстандықтардың есінде қалай сақталады деген сұраққа жауап іздеп көрдік. Сондай-ақ, эпизодта Қаңтар оқиғасынан кейінгі жүйе өзгерді ме, Тоқаев елдегі проблемаларды Назарбаевқа ысырып қойғысы келе ме, мемлекеттік пропаганда жылдар бойы қалыптастырып келген бірінші президенттің образы БАҚ беттерінде енді өзгеріске түсе ме деген тақырыптар қозғалды.
«CoolTòbe» жобасының “CoolTòbeнің жазғы құрылтайы” атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.