Бүгінгі шығарылымда антрополог, Ph.D кандидат, қазақ тойларын зерттеуші Динара Әбділда және халықаралық құқық магистрі, С.Демирел атындағы Университет оқытушысы Әйгерім Құсайынқызымен бірге қоғамдағы өзекті тақыптардың бірі «үйлену» туралы әңгіме өрбітіп, неке түрлерін, тоқал институтын, алып қашу мен ажырасуды да тілге тиек еттік.
«CoolTòbe» жобасының “CoolTòbeнің жазғы құрылтайы” атты бұл циклы АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды. «CoolTòbe» жобасының авторлары ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID-тың немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.