Адам айтуын айтып алып, артынан кешірім сұрауы – аса жағымды зат емес.
Бірақ одан да күйдіретіні – адамның кешірімін міндетсінуі мен “көңіле тиер сөз тапсаң, кешір” дейтін сөздерін айтамыз. Ойлап қарасаң, түймедей зат. Бірақ неге жөні түзу емес кешірімнен кейін жеңілдік келмейді? Жөні түзу не қисығын қалай ажырата аламыз? Ашу үстінде айтылған сөз айыбын көтеру оңай ма?
Өткен эпизодтарда адам ренішті манипуляция үшін қолданатынын білдік. Дегенмен оны шынымен ренжітіп қойсақ, не істейміз? Айыпты мойындай салсақ жеткілікті ме?
Біз бұл санда біраз реніштің бетін ашып, шынайы кешірімнің мәніне көз салдық. Білгіңіз келсе, тартылыңыз. Заңғар Дастанды ел көзінше масқаралағаны бар екен. Дастан оны кешіре ме? Осы санда біле алатын қызық заттың бірі болсын.
Одан өзге кешірім сұрау мәдениеті, оның құрылымы мен шарттары жайлы біле аласыз. Реніштің артын шайып, сенімді қайтару жолдары жайлы да сөз етеміз. Қозғайтын тақырыптың бірі – аудитория алдындағы жауапкершілік. Еліміздегі блогерлердің кешірімі неге өтімсіз? Олар ауыр сөз артын дұрыс жамай ала ма?
Сұрақ көп, айтар зат та аз емес. Жарты сағат әңгіме артында көп кеңес пен дөп тиген сөздер жатыр.
Аааа, сосын! Біз мына санды тыңдаған адамдарды өз ренішімен бөлісуге шақырамыз! Сол үшін сырласуға асық болыңыз!