Артық салмақ пен семіздік тек эстетикалық мәселе емес, бүкіл ағзаға әсер ететін күрделі медициналық проблема.

OY-DETOX / «Денсаулық» айдарындағы бұл эпизодта эндокринолог Құндыз Темірбекқызы семіздіктің артында қандай қауіптер тұрғанын ашық әрі түсінікті тілмен түсіндіреді.

Эпизодта біз келесі сұрақтарға жауап іздейміз:

– Артық салмақ пен семіздік қашан басталады, айырмашылығы неде?

– Неге Азия елдерінде семіздік ертерек қауіп тудырады?

– Ұйқы, стресс және қазіргі өмір салты гормондарға қалай әсер етеді?

– Балалар мен жасөспірімдерде семіздік неге көбейіп жатыр?

– «10 күндік диета» неге қауіпті?

– Семіздік қандай ауруларға әкелуі мүмкін?

– Алдын алу үшін бүгіннен бастап не істеу керек?

Бұл эпизод арықтау туралы емес, денсаулықты ұзақ мерзімде сақтау туралы әңгіме.

Эпизод таймкоды:

00:00 – аңдатпа

01:40 – Қазақстан және әлемдегі семіздік статистикасы. Балалар арасындағы үрдіс

03:12Семіздік қалай анықталады: BMI, бел шеңбері, Азия мен Еуропа критерийлері

05:35 – «Бойыңнан салмағыңды алып таста» формуласы — миф пе?

07:00 – Артық салмақ пен семіздік айырмашылығы. Неге «аралық кезең» ең қауіпті?

17:01 – Стресс, ұйқысыздық, мегаполис әсері және гормоналды бұзылыстар.

24:11 – әйелдер мен ерлер семіздігінің айырмашылығы қандай?
25:19 – Балалар мен жасөспірімдердегі семіздік: мектеп, тамақтану, ұйқы, гаджеттер.

27:15 – Диетадан диетаға отыру неге зиян?

27:59 – ұйқының тереңдігін бақылау қажет пе?

30:07 – жаңа босанған аналар диетаға отырған дұрыс па?

36:21 – Заманауи дәрілік терапия туралы шынайы әңгіме 

41:00 – Алдын алу. Қандай қадамдардан бастаймыз?