Bonus Episode: Қазақстанда әйелдердің билікке келуі мүмкін бе?

Түрлі салада бой көрсетіп, маңызды қызметке араласып жатқан әйелдерді табуға болады. Десек те, билікте, шешім қабылдау құрылымдарында әйелдердің үлес салмағы аз. Оның себебі не? Саясатта әйелдердің аз болуына біздің менталитет, тәрбие, салт-дәстүрдің әсері бар ма? Әлде тасада қалу әйелдердің өз шешімі ме?

Осы туралы “Тасадағы әйелдер” жобасы аясында дайындалған “Әйел және саясат” шығарылымында ой тарқатып, мәселенің мән-жайын түсінуге тырысып көрейік.

Тасадағы әйелдер – OY-DETOX арнасында айына бір рет Internews Kazakhstan қорының қолдауымен шығып тұратын арнайы жоба. Жобаға Әйнел Әмірханның бірнеше жыл бұрын оқыған британдық журналист Кэролайн Криадо Перестің «Invisible Women: Exposing Data Bias in a World Designed for Men» ( Көзге көрінбейтін әйелдер. Неге біз еркектерге ғана ыңғайлы әлемде өмір сүреміз) атты гендерлік мәліметтерге негізделген кітабы арқау болды.