Буллинг: Сенің достарың буллинг жасайтындар туралы айтып берді

Саған мектепте әлімжеттік немесе кемсіту, тиісу сияқты әрекеттер жасағандар туралы не ойлайсың? Оларға уақытында жөнді жауап бердің бе? Мектепте бір балаға басқалар жиналып, не жалғыз өзі тиісіп, кемсітіп, шеттетсе – бұны буллинг дейді. Психологтар буллингке жауап ретінде сенімді болуды кеңес береді. Себебі, буллинг жасаушының мақсаты да біреуді, өзіне ұқсамаған, мүмкін артықшылығы бар баланы, сенімсіз қылу екен. Осы эпизодта буллинг туралы мектеп оқушыларымен сөйлестік және буллинг жасаушыға не деп жауап беруге боларын бірге ойландық.