Психологияда “жеке кеңістік” түсінігі бар. Яғни, жеке бір адамның “мен, менің” және басқалар деген түсінігінің болуы. Мысалы, сенің ойларың бар және басқалардың ойы бар, сенің ойларың – сенің ешкімге тиесілі емес, саған ғана тиесілі дүниең. Оған қол сұққан адам өте дөрекі, себебі ол адам өз еңбегіңмен жеткен саған тиесілі байлығыңа қол сұққан адамдай. ОСы жайлы, біз мектептегі достарымызбен, психологтармен сөйлестік. Олардың арасында жеке кеңістік дегенді түсінетіндер бар-жоғын анықтадық.