Бұл эпизод қазақтың боғауыз, бейпіл сөздері жөнінде. Ұят, мораль шектеуімен қазақтың ауыз әдебиетінің осы саласы ұмыт болып барады. Бейпіл сөздерді жаңғырту көпшілік орындарда бейәдеп сөйлеуді білдірмейді. Бұл әңгіменің де өз орны, аудиториясы бар. Сондықтан да эпизодқа қатысты 18+ жас шектеуін тағы да еске саламын. Эпизод басындағы дисклеймер Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты қазақ тіліңдегі сөзді синтездеу жобаcымен жасалды. Эпизодта Аршат Қайролланың, “Адаптация” тобының музыкасы қолданылды.