Подкаст қонағы – Қазақстандағы санаулы тәуелсіз саясаттанушылардың бірі Шалқар Нұрсейітов. Бұл эпизодта Шалқар белгілі бір саясаткер туралы емес, азаматтық қоғам өкілі, сіз бен біз туралы айтады. Саясатпен айналысу үшін ешкімнен рұқсат алудың, арнайы білім алудың қажеті жоқ. Өзі тұратын мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуды мұрат ететін кез келген азаматтық қоғам белсендісі осы әңгіменің басты кейіпкері. Саясатанушы азаматтық қоғамдағы “саясатпен” айналысатын адам туралы, оған биліктің көзқарасы, оның құндылықтары туралы пікірін айтады. Біздің азаматтық қоғамға жетпейтіні не, оны біріктіретін, күш беретін не? Радикал оппозиция қайдан шығады? Өзгерістер қашан басталады? осы және басқа да сұрақтарға саясаттанушы жауабын осы эпизодтан табасыз.