Соңғы жылдары Холливуд пен батыс стримиңдері Азия мәдениетіне, соның ішінде киноиндустрияда өз орнын тапқан азиялықтарға көп қызығушылық танытып жатыр. Олар түсірген кинотуындылар тың идеяларымен таң қалдырады. Мұның ең жарқын мысалы — жуырда шыға салып, лезде танымал боп кеткен «BEEF» (ҰРЫС) сериалы. Қазірдің өзінде киносыншылар оны 2023 жылдың ең үздік мини-сериалы деп атап жатыр.

Подкастымыздың бұл эпизодында ҰРЫС сериалын талқылап, оны көрудің себептерін айтамыз. Бұл қысқа шығарылым, спойлерсіз (дерлік).