ChatGPT, Жасанды зият және Адам

Жасанды зияттың (ЖЗ) пайдасы мен зияны және болашақ мәселелері туралы сөйлестік. ChatGPT-ді өзіміз қалай қолданғанымызды, оның қазақша нұсқасы қалай жұмыс істейтінін, латын әліпбиіне өткенде ChatGPT-де қандай мәселе болатынын талқыладық. Сондай-ақ адам мен ЖЗ қарым-қатынасы қандай болмақ және болашақтың адамы қалай өзгеретінін жорамалдап көрдік. Эпизодта ЖЗ туралы Her (2013) фильмін және Соңғы сұрақ (1956) деген қысқа хикаяны да атап өттік.

Керек сілтемелер:

Айзек Азимов – Соңғы сұрақ (хикая) – https://t.me/QazaqGrammar/3995

Қазақша ChatGPT: www.askify.kz

https://en.wikipedia.org/wiki/Her_(film)