“атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА” кітабының таныстырылы аясында Астанада да талқы өткізген болатынбыз. Талқыға қонақ ретінде әріптестерім Перизат Мырзахмет, Елдар Құдайбергенді шақырып, Бақытгүл Салыхова спикерлердің бірі, ал мен модаретор болдым.

Біз қарапайым подкаст деген не, подкастер деген кім деген сұрақтан бастап, оның формасы, мән-мағынасы туралы ой толғадық. Сұрақ қойып, белсенді болған барша аудитория мүшелеріне алғыс білдіремін.

Бақытгүл Салыхова инстаграм парақшысы – https://www.instagram.com/bakytgulsalykhova/
Әйнел Әмірхан инстаграм парақшысы – https://www.instagram.com/ainelkai/
Alqa Publishing инстаграм парақшысы – https://www.instagram.com/alqa_publishing/
“атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА” кітабын танымал подкастерлер Бақытгүл Салыхова мен Әйнел Әмірхан жазып, қалың көпшілік назарына Alqa Publishing баспа үйімен серіктестікте ұсынды. Кітапты Kaspi дүкеннен сатып алуға болады https://kaspi.kz/shop/p/ba-ytg-l-salyhova-inel-m-rhan-aty-shy-pasa-podkast-zhasa-115299433/