Армян көліктеріне рұқсат берілді, ал митингілерге тиым салынды ма? Басты жаңалықтар

Коронавирустан әбден шаршап, карантиннен оралуды армандап жүрген халық наразылығын білдіре бастады.

Мысалы, Ақтөбеде саудагерлер жергілікті билікорталық базарды ашпаса, көтеріліске шығамыз деп бекініп отыр екен. Сөздерінше, карантин басталған екі айдан бері табыссыз қалған қара халық аштан өлудің алдында отыр. Сондықтан қазір саудагерлер қақпасы жабық базардың сыртынан өздері жабайы базар жасап алып, тауарларын көшеде сатуға көшіпті.

Одан басқа дәл сол митингілерге байланысты жаңа заң бекітіліп, шетелдік көліктердің жағдайы бір шешімін тапты. Ал девальвация кезінде ұйықтап жүрген Келімбетов болса елдің экономикасының дамуына болжам жасады. Бүгінгі шығарылымда осылардың барлығы туралы толығырақ сөз қозғайтын боламыз.