45 жылдай бұрын Ауғанстанға совет әскерінің “шектеулі” контингенті енгізілуі оған қарсы соғыстың тұтануына себеп болды. 10 жылдан соң Совет әскері шығарылғанда Ауғанстанда азамат соғысы басталды. Бұл туралы ауғандықтар не дейді, ауған қазақтары белсендісінің пікірі қандай? “Азаттық радиосына 70 жыл” подкасының бүгінгі эпизодында осы туралы айтылады.