Азаттықтың “Жаншипа” психологиялық подкастының 19-эпизодында өмірлік позиция және өмірлік сценарий деген тақырыпты талқыладық. Өмірлік позиция деген не? Адам өзінің өмірлік позициясын білгені қаншалықты маңызды? Өмірлік сценарийді өзгертуге бола ма? Бұл сұрақтарға транзактілі анализ бағытында жұмыс істейтін психолог Әсел Садумен жауап іздедік.