Қазақтықтың түрлері. Этникалық репатриацияның кімдікке әсері.

«Қандас», «оралман» деген статустың заңдық күші ол адам азаматтық алғаннан кейін жойылса да, қоғамда әлеуметтік топқа айналып кетіп отыр. Тіпті ол отбасының Қазақтанда туылған балалары да «оралман» немесе «қандас» аталып кетеді. Сонда қандас деген өмір бойы өзіңмен бірге жүретін кімдік пе? Шетелден көшіп келген қазақтардың идентификациясы осы және басқа да сұрақтарды подкастымызда талқыладық. Эпизодтың қонағы https://www.instagram.com/izproject/ жобасының негізін қалаушы Бақытнұр Іңкәр.

CoolTòbe подкастының бірнеше эпизоды Қазақстандағы ұлттық және этникалық identity, қазіргі кездегі еліміздегі ұлттың қалыптасу процестері мен идентификация мәселелері тақырыбына арналады. Бұл бағыттағы эпизодтар Саяси шешімдер орталығының “Орталық Азиядағы ұлт құру және бірегейліліктің қалыптасуы” жобасы аясында Norwegian Helsinki Committee қорының қолдауымен жүзеге асырылады.