Бүгін бізде қонақта кәсіпкер, геология ғылымдарының докторы, half ironman-ды аяқтаған триатлоншы – Ақниет Байбоз. Ақниет өзінің бизнеске қалай келгені, сақтап жүрген 200 долларын жарнамаға салып, серіктестерімен бірге жылдық айналымы $2.5 миллионға дейін жететін бизнесті қалай тұрғызғаны туралы айтып береді. Сонымен қатар, эпизодта докторантураны не үшін оқығаны, триатлонмен қалай айналыса бастағанын да шалып өттік.
00:00 – Ақниетті таныстыру
2:17 – Дипломды алған сәттен бастап апатия басталды, түсініксіз жағдайда болдым
3:34 – Группаластарыммен бірігіп, сайт жасаумен айналыстық. Тапсырыс берушінің жұмысына қарай отырып, бизнес идея келді
5:32- Әртүрлі сайттар, лэндинг парақшалар жасадық, бірақ …
6:42 – Қайтадан көңілім түсті, бірақ ойыма ескі досым келді
7:00 – Барахолкаға барып, бизнес идеямды айттым: ол келісті
7:27 – Жарнамаға $200 салдық
8:08 – Бизнестегі ең басты, маңызды ресурс – серіктестер
8:41- 2020 жылы пандемияға қарамастан, 930 млн теңгеге сауда жасадық
10:20 – Серікстестермен сәтті жұмыс істеудегі бір лайфхак
11:25 – Ештеңеге қарамастан, бір бірімізді қолдауды үйрендік
15:00 -Батыс пен солтүстіктің қазақтары, қытай ұлтының өкілдері біріккенде қандай бизнес шығады?
17:10 – Серіктесімізге киім таңдауды үйрендік, бизнесменнің сағаты оның айлық пайдасымен бірдей болуы керек
20:00 – Алғашқы салған инвестицияларымыз туралы
20:50 – Қаланың ортасынан офис босқа офис алған тәрізді қателіктер болды, ақшаны жеткізбеген сәттер де болды
23:00 – Бар клиенттерімізге сататын өнім ассортиментін көбейтуді ойладық
23:50 – Цех салғымыз келді, бәрі жақсы, бірақ …
26:00- Өндіруге қажетті бөлшекті сататын Түркиядағы компанияға келіссөзге бардым
29:00- Бизнестегі тәуекелдер, білімнің қажеттілігі. Жақсы білім базасы көпке дейін жетеді
36:50 -40 жастағы өзім қандай болады екен деп қызығамын
37:50 – Не үшін геология ғылымдарының доктор дәрежесін алдым?
44:20 – Палеохантинг деген саланы дамытқым келеді
50:10 – Өміріңнің барлық секторларын қалай үйлестірдің? Делегирование жасау.
55:40 – Серіктестеріммен бірге триатлонмен айналысып, Португалиядағы half ironman жарысына дайындалдық
59:25 – Саяхат жасаудың үш деңгейі
01:02 – Ақниетпен болатын болашақ эпизодтар