Бүгін біз көп тіл білу, үйрену тақырыбын жалғастырамыз. Бүгінгі біздің қонағымыз – Жадыра Кеңесбек. Жадыра да дәл алдыңғы қонағымыз тәрізді бірнеше тілді жетік меңгерген, онымен қоса оның негізгі маманданған саласы: физика. Инстаграмдағы аккаунты: @jadyra.kenesbek
Жадыра ағылшын, қытай, араб, түрік, қазақ және орыс тілдерін біледі. Қазіргі таңда Гонконгте физика мамандығы бойынша докторантурада оқиды, оған дейін ҚазҰУ-де білім алған. Жадырамен қараша айының басында тауда таныстық. Оның бірнеше тілді білетіні, тілді қалай хобби ретінде қосымша дамытып жүргені мені өте қызықтырды. Ең қызығы, пандемия кезінде Жадыраның Қытайдағы лабораториясы уақытша жабылғаннан кейін, Жадыра елге оралып, қытай-ағылшын тілдерінде синхронды аудармамен айналысуда. Синхронды аударма деген сөзді естігенде менің басым айналып, ауырып кетеді. Бұл -белгілі бір кәсібиліктің биігіндей. Бүгін осы тамаша қыздан интервью аламыз.
Уақыт тэгтері:
00:26 – Жадыра қандай тілдерді біледі?
01:15 – Жадыра жайлы жалпы ақпарат
02:09 – Өзімді тіл үйренуші энтузиаст деп білемін
02:23- Араб тілін медреседе үйрендім
03:22 – Түрік тілін мектепте тарих, география пәндеріне қызығу арқылы үйрендім
04:27 – Қытай тілін үйренуім кездейсоқ, қызық оқиғадан басталды
07:10 – Қытай тілін кейін докторантурада оқып жүргенде жетілдірдім
08:10 – Профессорымнан қытай тілін үйрену үшін 2-3 сағатқа босатуын сұрадым
09:22 – Тілге, сол елдің мәдениетіне деген үлкен қызуғышылық керек
10:15 – Үйренетін жақсы кітап керек
10:53- Тіл үйренуді аз болса да, күнделікті тұрақты әдетке айналдыру керек
12:30- Тілдің бір пайдасы – білім алу мүмкіндігі
13:02 – Тіл білу пандемия кезінде маған жаңа кәсіппен айналысуға мүмкіндік берді
15:45- Синхронды аударма кезіндегі күтпеген оқиғалар
20:03- Тілді үйренуді тыңдаудан бастаймын
21:11 – Ешқашан аудармау керек: күнделікті қолданылатын сөздерді үйренемін
22:15 – Біздің миымызы маңызды емес деп санайтын ақпаратты ұмытуға бейім
23:11 – Грамматиканы соңына қарай үйренемін
24:08 – Адам өз өмірінде миға байланысты бір кітап оқу керек
24:17 – Space Repetition әдісі
25:39 – Дыбыстарға үйрену, дыбыстармен үйрену
26:54- Тәжірибемен контексттен түсіне бастайсыз
28:22 – Тіл білу арқылы саяхаттаудың артықшылықтары
29:24 – Неліктен Қытайға саяхат қызықтырды?
31:34 – Гонкогта білім алу қаншалықты сізді өзгертті?
32:18 – Қолыңнан келмесе, оған уайымдама
34:16 – Дағдарыс: жаңа мүмкіндіктер
37:53 – Жақында француз тілін үйренуді бастадым
40:05 – Араб тілінің өміріңіздегі орны
40:58 – Әр тілде әр түрлі адамсыз ба?
42:30 – Адамдарды түсіну оңайлай түседі
44:05 – Тіл білу қартаюды тежейді
44:50 – Әлі талай тіл үйренгім келеді