Мадина Карсакпаева инклюзия саласының сарапшысы, маманы. Ол мүмкіндігі шектеулі адамдарға жәрдем беретін түрлі коммерциялық емес ұйымдарда ағылшын және компьютерлік сауаттылықты үйрету бойынша ерікті, волонтер болып жұмыс істеген.
Сонымен қатар, ол Алматы қаласында ерекше қажеттілігі бар адамдармен жұмыс істеу жөніндегі үйлестіруші болып та қызмет атқарған. Қазақстандағы Британ кеңесінде тең мүмкіндіктер мен әртүрлілік саясаты бойынша үйлестірушісі, осы бағытта да ЮНИСЕФ-тің Будапештегі жобасына да қатыстқан.
Алдында пайда болған қиындықтарға қарамастан, Мадина өзіне керекті тәжірибені, білімді ала білген. Мадинаның жалпы өмірлік ұстанымдары, жекелеген ақпаратттар қызықты болса, әріптес подкасттардан да тыңдай аласыз. Ал бүгінгі эпизодта біз оның білім алу тәжірибесі мен жалпы инклюзивті білім саласының дамуын талқылаймыз.
Уақыт кодтары:
00:00 – Қонақты таныстыру
02:33 – Мен бакалавриатқа түскенде университеттер дайын емес болды: сырттай оқыдым.
03:05 – Отбасым ағылшын тіліне деген құштарлығымды ерте байқады
04:44 – Бакалавр дипломы ол кезде маған ол жетістік болып көрінді
06:29 – Эразмус Мундус бағдарламасымен оқуға түскен, ерекше қажеттілігі бар қазақстандық алғашқы студент болдым.
09:30 – Европадағы оқу орындарының инфрақұрылымы
10:34 – Европалық университет барлығын алдын ала ұйымдастырды
11:23 – Лондонға келгендегі алғашқы күндер. Адаптация
12:16 – Норвегиядағы Осло университетіндегі тәжірибе
14:44 – Адам баласы әртүрлі болады, оны қабылдауымыз керек
17:10 – Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың 5%-ның ғана ЖОО білімі бар
18:00 – Университеттердегі ресурстық орталықтар
18:52- Пандемия жағдайында мүмкіндігі шектеулі жандарға білім беру
22:24 – Инклюзия тәрбиемен келеді
23:24 – АҚШ та оқып жұргенде де ресурстық орталықтар жайлы зерттедім
25:31 – Студентке бағытталған білім жүйесі
26:35 – Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қорғайтын ұйымдар жайлы
28:27 – Қарапайым азамат ретінде инклюзияны қалай дамыта аламыз?
33:06 – Адам өз өзін қабылдауды үйренуі керек
34:12 – Біздің әртүрлі болуымыз бізді алға дамытады
34:50 – Жоспарларыңыз қандай?
38:06 – Ата-анама алғыс айтамын