Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова бұл хатты екінші дүниежүзілік соғысы кезінде анасы Әминаға жазған. Хат орыс тілінде жазылған, подкаст тыңдармандары үшін қазақ тіліне тәржімаланып, дыбысталды. Оның әкесі, қазақтың зиялы азаматы Ахмет Мәметов “халық жауы” деген желеумен ұсталып кеткен. Зерттеушілердің пайымдауынша, Мәншүк әкесін ақтап алу үшін майданға өзі сұранып барған. Жалпы, батыр қыздың өз қолымен жазған 6 хаты қазір Орал қаласындағы М.Мәметова музейінде сақтаулы.
Эпизодта Секен Тұрысбектің “Ақжауын” күйі қолданылды.
Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары:
https://www.instagram.com/hattarsoileidi
https://podfollow.com/hattarsoileidi/view
Подкасттың бұл эпизоды USAID-тің көмегімен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында дайындалды. Ақпараттың мазмұны USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.