Бұл – майдангер Қайыржан Тікшекеевтің хаты. Әскерден жолдаған 12 хатын оның немересі Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік архивіне әкеліп тапсырған. Жауынгер 1943 жылы қаза тауып, ұзақ уақыт бойы сүйегінің қай жерде қалғаны белгісіз болып келді. Туыстары сарбаз туралы деректі 80 жылға жуық іздеген. Тек 2020 жылы ғана майдангердің сүйегі табылып, Украинадан Қазақстанға жеткізіліп, туған ауылына жерленді.
Эпизодта Нұрлан Түменбаевтың орындауындағы Әбдімомын Желдібаевтың “Боз жігіт” күйі пайдаланылды.
Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары:
https://www.instagram.com/hattarsoileidi
https://podfollow.com/hattarsoileidi
Подкасттың бұл эпизоды USAID-тің көмегімен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында дайындалды. Ақпараттың мазмұны USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.