Кезекті подкасттың қонағы, “Сана” орталығының негізін қалаушы, экобелсенді – Назерке Құлжабай. Қоқыстың ішіндегі зияны – батареяны жинауды әдетке айналдырған Назерке тұрмыстағы эколайфхактармен бөлісті. Таныстары, достары, тіпті балалары көшеде батарея тауып алса, Назеркеге береді екен. Қазір 19 литр құтыда батарея жиналып тұрғанын кейіпкеріміз подкастымызда айтып берді.