#3 эпизод. Әсем Қалиева: Магистрлік диссертациямды тұрмыстық қалдық мәселесіне арнадым

Кезекті подкасттың қонағы, Назарбаев университетінің магистранты, экобелсенді – Әсем Қалиева. Магистрлік диссертациясында Әсем Нұр-Сұлтандағы тұрмыстық қалдық мәселесін зерттеген. Не себепті магистрлік диссертацияға тұрмыстық қалдық тақырыбын таңдағанын Әсем подкастымызда айтып берді.