Баршаңызға сәлем! Сіздермен бірге әдеттегідей «Тіл кеспек жоқ» – Қазақстан жаңалықтарына тәуелсіз көзқарас және оны жүргізушісі мен, журналист Әсем Жапишева.
Бүгінгі қысқаша шығарылымымыз қазақстандықтардың бас ауруына айналған 42500 теңге туралы болмақ. Иә, оның шаршатқан жыры әлі де таусылар емес. Бір жағынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің хабарлауынша, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты төлем 2 млн 708 мың 666 адамға тағайындалды десе, екінші жағынан елдегі баспасөз құралдары сол әрең алған 42500 теңгені қалай қайтару керек деп мақалалар шығарып жатыр. Оның үстіне кейбір заңгерлер төлемді заңсыз алған адамдар алаяқтық бойынша қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін деген пікір білдіруде. Сонымен 42500 теңгені алғандарға ақшаны қайтарғызуы мүмкін бе? Сол туралы ақпаратты жинадық. Кеттік