Бұл шығарылымда Мақсат, Бибарыс, Бауыржан және Әзиз түркологиядағы кейбір мәселелерді талқылап шықты.

  • “Айналайын деген сөз парсы тілінен алынған семантикалық калька болуы әбден мүмкін, яғни төл ұғым емес, аударма ұғым.
  • “Айналайын” деген сөз бақсылық ырымнан шыққан деген пікір бар. Мұндағы мәселе: ол пікірді әлі дәлелдеу қажет.
  • Түркі тілдері дыбыстық жүйесі бойынша “Шаз” және “Лир” деген екі үлкен топқа бөлінетінін біліп п’едіңіз? “Лир” тобының осы күнге дейін жеткен жалғыз өкілі – шуас (чуваш) тілі.
  • Фолк-этимология, яғни сөздің шығу тегін қате түсіндіру.
  • “Ата” мен “әке” сөздерінің байланысы.

Телеграм арнамызға жазылыңыз: https://t.me/QazaqGrammar