Подкасттың бұл эпизодында майдандағы пошта қызметі туралы әңгімелемекпін. Өйткені соғыс кезінде негізгі байланыс құралы пошта болды. Ай сайын майдан шебіне 70 млн-дай сәлемдеме жолданған. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында пошташылар кейбір деректерде 6 миллиардтан астам хат, 22,9 миллион сәлемдеме, 63,9 миллиард баспа өнімін тасымалдапты.

Таза қағаз тапшы болғандықтан, жауынгерлер хаттарын плакаттарға, консервінің қаптамасы мен құжаттың қиындыларына жазды.

Мамандардың айтуынша, соғыс хаттарының барлығы амандық-саулық сұрасуға арналған. Жау тарабы хатты қолға түсіріп, маңызды ақпаратты біліп қалмауы үшін цензураланды.

Эпизодта Нүркен Әшіровтің орындауындағы Тұраш Абуовтың “Комсомол” күйі қолданылды.

Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары:
https://www.instagram.com/hattarsoileidi

https://t.me/hattarsoileidi

https://podfollow.com/hattarsoileidi