Мамандардың айтуынша, батыр Бауыржан Момышұлының жазған хаттары мен оған сәлем жолдаған хаттардың өзі он мыңнан асып жығылады екен.
Мұхтар Әуезов пен Бауыржан Момышұлының арасында 1942 жылдан бастап он шақты хат жазылған екен. Екі ұлы тұлғаның арасындағы байланыс хаттан басталады. Хаттарда қазақ әдебиеті, қазақ жазушыларының жайы, аударма мәселесі, “Намыс гвардиясы” пьесасы, “Абай” романы туралы пікір алмасып отырған.

Эпизодта Қуат Аманжолдың орындауында Құрманғазының “Кішкентайы” қолданылды.

Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары:
https://www.instagram.com/hattarsoileidi

https://t.me/hattarsoileidi

https://podfollow.com/hattarsoileidi

Подкасттың бұл эпизоды USAID-тің көмегімен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында дайындалды. Ақпараттың мазмұны USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.