Біз “Тамаша жыл” кітап клубының қазан айындағы таңдауы Эллиот Аронсонның “Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психология” кітабының 4-тарауын сіздермен бірге талдамақшымыз. Бұл эпизодты басынан соңына дейін Швейцариядағы Цюрих университетінің әлеуметтік антропология бойынша докторанты Индира Алибаева жүргізеді.
Әлеуметтік таным – бұл біздің басқа адамдар мен әртүрлі әлеуметтік жағдайлар туралы қалай ойлайтынымыз, бұл ақпаратты қалай сақтап, қолданатынымызды зерттейтін әлеуметтік психологияның бөлімі.
Уақыт коды:
1:00 – Индираның диссертациясы. Адамның этностық ерекшелігі оның өміріне қалай әсер етеді?
2:28 – Орта ғасырдағы және қазіргі стереотиптер
3:45 – Әлемді қалай түсінеміз?
4:10 – Түсініксіз заттарды қалайда түсінікті етуге тырысамыз
5:27 – Адам белгілі бір ерекшеліктерімен туылады және тәрбие/қоршаған орта қосымша реңк береді
9:18 – Адамның миы жылдам реакция береді: сөйтіп стереотип туындайды
12:09 – Үйреншікті емес жағдайларда орын алатын ойлау жүйесі
13:34 – 100% дәлелденбеген ақпаратқа неге сенеміз?
14:35 – Адамдар үнемі басқа адамдар туралы ойлайды, олардың ойлары қызық; құбылыстардан, заттардан адамның бейнесін іздейміз
16:00 – Адамдарды жіктеу: “өзіміз” vs “бөтен”
18:40 – Адамның пікіріне әсер ететін сыртқы факторлар. Әлеуметтік контекст
19:00 – Бағалау салыстырмалы контексте жүреді
20:00 – Санамыздағы схемалар, модельдер