“Өрмекші-адам: өрмекғалам арқылы” деген жаңа анимациялық фильмді көріп келдік. Фильмді талқылап отырып, өзіміздің белгілі бір дәрежеде гик екенімізді аңғардық. Сондай-ақ Марвелдің мультиғаламдық мәселелерін, өрмекші-адамдардың тағдырын және әдеттегідей дыбыстама жайтын қозғап өттік. Бұл эпизодта бес қатысушы болды, дегенмен әркім өз ойын айтып, бес тиынын қосып үлгерді. Сондықтан мультиғаламдық пікірігімізді қабыл алыңыз.
Бізді патреон арқылы қолдай аласыз: https://www.patreon.com/qazaqgrammar
Таймкод:
00:00 Біз гикпіз бе?
01:35 Into, Across, Homecoming атауларының мағынасы
3:43 Мультфильм әлде анимациялық фильм?
6:11 Into the Spider-Verse басқа туындыларға әсері
10:05 Фильмнен қандай әсер алдық?
10:53 Мультиғалам және сілтемелер туралы
12:26 Дубляждың кемшілігі, түпнұсқаның артықшылығы
16:23 Spider-Punk: панк деген кім?
19:00 Үнділік өрмекші-адам
19:50 Диалогтар шапшаңдығы мен стилі
20:55 Қазақстандық және ресейлік орысша дыбыстама
23:54 Мигель О’Хара және Майлз Моралес қай ұлт?
27:55 Фан-сервис не үшін керек
30:40 Комикстердің ерекшелігі және ұлттық мифология
36:15 Біздің суперқаһармандар кім болар еді?
39:43 Инклюзия туралы
40:57 Мультиғаламдағы “өзекті оқиға” (canon event) маңыздылығы
45:00 “Чехов мылтығы” деген не?
47:26 Spider-Verse’тегі Чехов мылтығы қандай болды?
50:20 Фильмді дыбыстағандар
51:53 Фильмдегі музыка
52:44 Фильмдегі ерекше ұнаған сәттер
54:15 Ұнаған кейіпкерлер
55:14 Фильмнің негізгі сюжеттік күртбұрысы (туист)
58:05 Sacred Timeline
59:48 Фильм туралы әртүрлі фактілер
1:02:32 Тыңдарманға өтініш және Патреондағы парақшамыз туралы ақпарат