Маңғыстау облысы Қарақия ауданы тұрғындарының сөзінше, аудан жері бірнеше жыл бойы Ресейдің зымыран сынықтарының құлауы үшін пайдаланылған. Бірақ ол туралы ақпарат өте аз. “Эко Күнделіктің” кезекті эпизодында зымыран бөлшектерінің құлағанына куә болған экс-полицеймен сұхбаттасамыз.