Айы-күні жетіп отырған павлодарлық келіншек өзіне пышақ ала жүгірген күйеуін өлтіріп, сотқа тартылды. Оқиға отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесіне тағы назар аудартты. Агрессор күйеуінен қорғану үшін әйел не істеуі керек? Күйеуді агрессор ететін не? Психолог және заңгермен осы жайттарды сөз еттік.