Ерлер бедеулігі, тестостерон деңгейінің төмендеуі және андропауза — ер адамдар ашық айта бермейтін тақырыптар. Бұл эпизодта уролог-андролог Ернұр Айнаевпен сол олқылықтың орнын толтыруға тырыстық.
Эпизодта келесі сұрақтарға жауап іздейміз:
– Ер адамдарда климакс (андропауза) бола ма?
– Тестостерон неге ерте төмендеп жатыр?
– Ерлер бедеулігінің негізгі себептері қандай?
– Неге ер-азаматтар дәрігерге сирек барады?
Эпизод таймкодтары:
00:00 – аңдатпа
02:09 – уролог пен андрологтың айырмашылығы неде?
03:17 – ер адамдарға арналған скринингтер
06:39 – андрологқа қандай мәселелермен келеді?
14:24 – ер-азаматтардың денсаулығына әсер ететін факторлар
19:11 – ерлер бедеулігінің себептері
22:05 – ерлер бедеулігінің алдын алуға бола ма?
30:10 – ер адамдарда климакс (андропауза) бола ма және оның белгілері
34:20 – тестостерон гормоны ер адамның өмір сапасына қалай әсер етеді?
38:10 – белсенді жыныстық өмірдің маңызы
44:10 – тестостерон гормонын қай жастан бастап тексеру керек және оның қалыпты деңгейі қандай?
50:04 – ер адамдардың дәрігерге бару мәдениетін қалай қалыптастырамыз?
52:00 – андрологқа бару ұят па?
Эпизод MedservicePlus фармацевтикалық компаниясымен серіктестікте дайындалды.
