Сергек технологиясы қазақстандықтардың жолдағы тәртібін түбегейлі өзгертті десек, қателеспейміз. Көпшілік үшін Сергек — тек жол қозғалысын бақылайтын, айыппұл салатын камералар жүйесі. Алайда, бұл технологияның арқасында жол апаттарынан болатын өлім-жітім 40-50%-ға азайғанын білеміз бе?
Подкаст барысында Әсет Ахметовпен бірге халықты алаңдатқан маңызды сұрақтардың жауабын іздедік:
• Сергек камералары қалай жұмыс істейді?
• Айыппұлдар қайда жұмсалады?
• Сергекті айналып өту мүмкін бе?
• Кептелістерді Сергек арқылы шешуге бола ма?
және басқа да қызықты тақырыптарды талқыладық.
Сонымен қатар, Әсет мырзаның жаңа жобасы — Tasqyn анимация студиясы туралы да сөз қозғадық. Бұл студия қазақ тіліндегі сапалы мультсериалдар жасап, балаларымызға отандық анимацияны қолжетімді етуге атсалысуда.
Онлайн математикалық тренажер: https://qalan.kz
Aset: https://www.instagram.com/asetak
Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi
Tasqyn studios: https://www.youtube.com/@studiotasqyn
Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live
Telegram: https://t.me/narikbi_live
TikTok: https://www.tiktok.com/@narikbi.live
00:00 — Тизер
01:28 — Әсетпен танысу
02:14 — Сергек деген не? Компания немен айналысады?
04:00 — Жолдағы қауіпсіздік: Сергек өлім санын 60-70%-ға қалай азайтты?
06:37 — Штрафтар қайда кетеді? Айыппұлдың нақты бағыты.
09:16 — Идеядан іске асыруға дейін: Сергек технологиясы қалай пайда болды?
15:04 — Қытайдағы өндіріс: Сергек камералары қайда және қалай жасалады?
22:52 — Шетелдік нарық: Сергек технологиясы халықаралық аренаға қалай шығуды жоспарлап отыр?
27:00 — Технологияны енгізудегі басты кедергілер.
33:35 — Сергекке дейін және кейін: Технологияның нақты әсері қандай?
36:34 — Сергек камераларының жүрегі — сурет сапасы қаншалықты маңызды?
42:11 — Ауа сапасын өлшеу мүмкін бе? Сергектің жаңа бағыттары.
49:00 — Неге көлік кептелісі әлі шешілмей келеді?
54:00 — Сергек көлік кептелісін азайта ала ма? Технологияның ұсыныстары.
1:06:10 — Қоғамдық көлікті дамыту кептелісті қалай жеңілдетеді?
1:12:30 — Технологиядан анимацияға қалай келдім?
1:25:02 — Мультсериал жасау идеясы: Балаларға не түрткі болды?
1:34:03 — Қазақстанда анимация жасайтын мамандар неге аз?
1:37:37 — Мультсериал жасауға қанша қаржы кетеді?
1:42:29 — Tasqyn студиясының болашағы: Шығармашылықтың шыңы қайда?
1:44:37 — Қорытынды