Руслан Меделбек: Жастар уақыттың қайда кетіп жатқанын білмейді

Руслан Меделбек – “Азаттық Радиосының” Прага қаласындағы журналисті.

10 жыл халықаралық журналистика саласында жұмыс істейді. Өз бетімен ағылшын тілін жетік меңгерген. ҚазҰУ және SDU журналистика оқытушысы. Сочи, Рио және Пхёнчхан олимпиада ойындарында журналист болған.

Бұл шығарылымның өзекті тақырыптары:

1. Ағылшын тілін үйрену

2. Қазақ журналистикасы

3. Чехия елінде өмір сүру

4. “Азаттық Радиосында” жұмыс істеу

Әрбір тақырыпты терең талқылауға тырыстық. Өзіңізге қызық деген бөліктерді тыңдау үшін тайм-кодтар бар.

Подкастқа пікір қалдыруды ұмытпаңыз. 

Тайм-кодтар:

00:25 Руслан Меделбек кім?

01:45 IELTS-тан қалай жоғары балл алуға болады?

16:15 Ағылшын курстарына жазылу керек па?

24:30 Қазақстан ағылшынды “3”-ке біледі

27:00 Неге мектепте ағылшын оқи алмаймыз?

35:00 Тіл білуге экономиканың әсері

39:00 Руслан журналистикаға қалай келді?

44:45 Сторителлинг деген не?

53:30 Қазақи сторителлинг

01:01:00 Жастар неге журналистикаға баруы керек?

01:05:45 Журналист болу үшін университетке түсу қажет пе?

01:10:30 Қазақ тілді тәуелсіз журналистика жоқ!

01:15:30 Қандай қазақ журналисттерін оқу керек?

01:18:45 BBC, Al Jazeera, CNN

01:22:00 Тәуелсіз журналистика проблемалары

01:24:00 Чехия жұмыс мигранттары көп па?

01:31:30 Шығыс Еуропа национализмі

01:38:30 “Азаттық Радиосындағы” жұмыс

01:45:00 Русланның тыңдарманға кеңесі