Жаңа ортаға сіңісу оңай ма? Үйреніп, бейімделу үшін не істеуге болады? Түйменің жаңа санында Заңғар мен Дастан әлеуметтену тақырыбын талқылады. Бұл санда не біле аласыздар? 🔹 Әлеуметтену деген не? 🔹 Оның қандай кезеңдері бар? 🔹 Ортаға тезірек бейімделу үшін не істеген жөн? 🔹 Small talk деген не? 🔹 Адамдармен қоштасу амалдары қандай? Біздің өміріміздегі қайта-қайта орнайтын процесс осы – адамдарға үйрену. Бір ортаға бауыр басқанда екіншісіне сіңу керек боп жатады. Оның үстіне әр жердегі кейпіміз де әртүрлі болады. Бұл санда оның қалыпты не қалыпсыз екендігін талдадық. Сіздерге қызық болар. Адамдар, олармен қатынас орнату мен оны үзу сынды заттарды білгіңіз келсе, тыңдаңыз. Ал біз қуанамыз.
💳4400 4301 4329 6355  Бізбен бір толқында болып, сыр түймелерін бір ағытыңыз. Бар болғаныңызға рақмет! 
Instagram 
Telegram